Соңғы екі аптаның ішінде олар 13 центке арзандап, қазір елде орташа есеппен алғанда ең арзан бензин бір галлон (1 литрі 77 цент шамасында) 2,94 долларды құрады.
Lundberg Survey қызметі жүргізген 2,5 мың май құю стансасындағы сауалдама ең қымбат бензин қазіргі күнде Сан-Францискода (Калифорния штаты) төменгі сортты 1 галлон жанармай 3,27 долларды құрайтынын көрсетті. Ең арзан беззин Мемфис қаласында - галлоны - 2,65 доллар. Сарапшылардың атап өтуінше, қазіргі бір галлон төменгі сортты жанармайдың бағасы өткен жылдың осы кезіндегі бағадан 27,55 цент төмен болып отыр.
Талдамашылардың пікірінше, АҚШ-та бензин бағасының арзандауы әлемдік биржаларда мұнай құнының арзандауына, ең алдымен мұнайға сұраныс азаюына байланысты. Өткен аптада жарияланған ОПЕК-тің жыл сайынғы баяндамасында 2017 жылдың соңына дейін картель өндіретін мұнайдың бағасы тәулігіне 28,2 млн. баррельге дейін төмендеуі мүмкін екені айтылды. Бұл бұрынғы болжамнан гөрі бұдан бір жыл бұрынғыдан тәулігіне 600 мың баррельге дейін төмен болады деп күтілуде, ол соңғы 14 жылдағы ең төмен көрсеткіш болмақ.
Жергілікті талдамашылар АҚШ-та таяудағы апталарда бензин бағасы одан әрі төмендей түсетінін айтады. Бұған мұнай бағасының арзандауы да әсерін тигізуде.