Бүгін әуе қатынасын тоқтатқан және тоқтатуды жоспарлап отырғандар қатарында - United Airlines, American Airlines , Southwest Airlines, Delta әуекомпаниялары бар.
Елдің метеорологиялық қызметінің есебі бойынша, қарлы бұрқасынның келтіретін шығыны 1 млрд долларға жетуі мүмкін.
АҚШ-тың шығыс жағалауында биыл қыста қар түспеген болатын. Алайда мына қарлы бұрқасыннан келер қауіп көп, барлық жолдарды қар басып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы сағатына 80,5 км-ге жетеді деп күтілуде.