АҚШ-та Бостон марафонындағы теракт туралы іс бойынша сот отырысы жалғасын таппақ


Бұл туралы америкалық ақпарат құралдары мәлімдеді.
Мұнан кейін алқабилер соты Д.Царнаевтың терроризмге кінәлі ме, жоқ па екені туралы шешім шығарады.
Д.Царнаевқа тағылған айып бойынша өлім жазасы кесілуі тиіс. Ол кінәсін мойындамауда.
Қорғаушы тарап бұл жағдайда өмірлікке бас бостандығынан айыруды жеткілікті жаза екеніне қол жеткізбек. Сонымен қатар, Д.Царнаевтың адвокаттары айыпкер үлкен ағасы Тамерланның ықпалында болғанын назарға алады.