қазақстандық режиссер Ж.Жетірудың «Аққыз» кинокартинасының көрсетілімі өтті. Нақты осы фильм АҚШ-тағы қазақ киносының фестивалін тәмамдады. Бұл туралы ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінен хабарлады.
Фестивальді ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің және «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен «Ballets Russes Cultural Partnership» американдық коммерциялық емес мәдени ұйымының директоры А.Вайнштайн ұйымдастырды.
Қазақтардың әлемнің пайда болуы туралы аңыз әңгімелерінен құралған «Аққыз» мелодрамасы Қазақстанның мәдениеті, дәстүрі мен тарихына үлкен қызығушылық тудырды.
Фестиваль 14 қараша күні Американың ең үлкен қалаларының бірі - Бостонда басталды. Онда америкалық қоғамының назарына қазақстандық режиссерлардың: «Періштеге хат», «Келін», «Рывок», «Секер» фильмдері ұсынылды.
АҚШ астанасында «Аққыздан» бөлек, «Келін» мен «Періштеге хат» картиналары көрсетілді. Фестиваль аясында отандық фильмдер көрермен назарына әртүрлі мәдени-гуманитарлық мекемелерде ұсынылды. Мысалға, «Келін» фильмі белгілі Гете атындағы институтта, ал «Періштеге хат» белді Смитсонск институтының Артур Саклер галереясында көрсетілді.