АҚШ-та Эбола вирусын жұқтырған екінші адам тіркелді

Бұған дейін Эболадан қайтыс болған Томас Дунканды емдеуге қатысқан Техас штатының қызметкері туралы сөз болып отыр.

Сейсенбі күні дәрігер қызуы көтерілгенін айтқан. Содан кейін ол дереу оқшауланды.

Соңғы уақытта науқаспен қатынаста болған аурухана қызметкерлерінің барлығы таяуда тексеріледі.

Осы апта басында АҚШ Денсаулық министрлігі Эбола жұқтыруға қатысты алғашқы жағдайдың тіркелгенін растаған болатын. Ол кезде Т.Дунканды емдеуге қатысқан медбике туралы айтылған. Т.Дунканнан Либериядан АҚШ-қа келгеннен кейін вирус анықталған.