АҚШ-та ірі мұнай-өңдеу зауытында жарылыс болды

АР агенттігінің хабарлауынша, қазір апат орнында құтқарушылар бригадасы жұмыс істеп жатыр. Апат себептері анықталуда.

Куәлардың айтуынша, бір адам жарақат алған.

Қазір BP болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеде дайындап жатыр.

Тәулігіне 413,5 мың баррель мұнай өңдейтін зауыт АҚШ-тағы ірі өндіріс ошақтарының бірі. 2013 жылы ВР МӨЗ жаңғыртуға 4 млрд доллар инвестиция салған болатын.