АҚШ-та Хьюстон каналына 25 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері төгіліп кеткен

Жағалау күзетінің сөзінше, әр баржада 25 мың тоннаға жуық бензин болуы тиіс. Каналға құйылып кеткен жанармайдың нақты мөлшері әлі анықталмады.
Жағдайды нақтылау мақсатында оқиға орнына тікұшақ жіберілген. Апат орын алған жерге жақын орналасқан Сибрук қаласының тұрғындары жанармай иісінің қатты шығатынына шағымданған.

Төгілген мұнай өнімдерінің салдарын ликвидациялау операциясына тиісті қызметтер кірісіп кеткен. Оқиға орнына Хьюстон портының өрт сөндіргіш кемесі де келіп жеткен. Ауа сапасын бақылау да қолға алынған.