АҚШ-та көлге ұшақ құлады

Салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.kz. 

Американың Массачутес штатында жеңіл моторлы Piper PA-28 ұшағы аударылып, көлге құлады, - деп хабарлады CBS телеарнасы.

Апат салдарынан 55 жастағы ұшқыш зардап шекті. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Әуе кемесінің бортында ұшқыштан басқа адам болмаған.

Ұшақ көлден шығарылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.