АҚШ-та лазерді ойлап тапқандардың бірі Чарльз Таунс қайтыс болды


Бұл туралы бүгін америкалық "Нью-Йорк таймс" газеті оның қызы Линда Розенвейннің сөзіне сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.
Л.Розенвейннің айтуынша, , Ч.Таунс сейсенбі күні 27 қаңтарда қайтыс болған.
Ч.Таунс және екі советтік ғалым - Николай Басов пен Александр Прохоров 1964 жылы микротолқынды сәуле (мазерлер) және сәуле шашу (лазерлер) құралдары саласындағы жұмысы үшін физикадан Нобель сыйлығын алды.
Бұл өнертабыстар ғылым, технология және байланыста серпіліс жасауға мүмкіндік берді.
Ч.Таунс АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, сондай-ақ Ресей ғылым академиясының мүшесі болды.