АҚШ-та мектептің 150 оқушысы мен мұғалімдері иіс тиіп, газдан уланып қалды

мұғалімдер  орта мектептің ғимаратынан көшірілді, деп хабарлады РБК NBC News сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақытпен таңғы 8:45 шамасында болды. 150 оқушы мен мұғалімның газдан иіс тиіп, уланып қалғаны анықталды. 60-қа жуық адам жедел жәрдем машинасымен жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Мектеп директорының мәлімдемесіне қарағанда, оқиға кезінде кампуста шамамен 640 оқушы болған. Оқушылар мен қызметкерлер әуелі шіркеуге шығарылды. Одан кейін улану белгілі байқалған студенттер мен оқытушыларды медицина қызметкерлері ауруханаларға жеткізді.

Коммуналдық қызмет шұғыл газды айырды, бірақ та газдың шығуы анықталмады, деді мектеп өкілі. Сейсенбі күні мектеп жабық болады.