АҚШ-та полиция 6 жасар баланы атып өлтірді

Федералдық маршалдар ер адамға сот өкімін табыстағысы келген, алайда ол баласымен бірге көлікке отырып, ізін жасырмақ болды.

Маршалдар артынан көлікпен қуып, ақыры қашқынның автомобилін тоқтатқан. Ер адам көлігінен шықпай, артқа қарай жүре бастаған, деп  жазады Би-би-си. Оны шабуылдау деп түсінген тәртіп сақшылары көлікке оқ атқан. Соның салдарынан көліктің ішінде отырған бала мерт болды.

Баланың әкесі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.


Полиция маршалдардың әрекеттерін тергеуді бастады. Бұл ретте полицейлер қандай да бір ақпарат бермей отыр.