АҚШ-та қатты аяз салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқан


Шетелдік БАҚ мәліметтері бойынша, қатты суықтан Иллинойс жерінде 7 адам мерт болса, Индианада 6 адам қаза тапқан. Қаза тапқан адамдардың ішінде аяз кезінде баспанасыз қалған адамдар да бар.

Метеорологтардың айтуынша, бұл аймақтарда ауа температурасы біртіндеп жоғарылауда.