Қазақстан СІМ өкілдері америкалық Лос-Анджелесте қазақстандық азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"БАҚ-та жарияланған мәліметті тексере келе қайтыс болған жігіттің қазақстандық емес екенін анықтадық. Оның ата-анасы Мәскеуде тұрады. Кейбір мәліметтер бойынша, оның өзі де Ресей азаматы. Сол себепті де бізде ешқандай мәлімет болған жоқ, ешкім хабарласқан жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Осыған дейін қазақстандық 23 жастағы студенттің қаза тапқаны туралы мәліметтер пайда болған еді.
Оқи отырыңыз:
АҚШ-та оқитын қазақ жігіті қайғылы жағдайда көз жұмды
Атырауда ажал құшқан марқұмдардың денесі Оңтүстік Қазақстанға ұшақпен жеткізілді
Қазақ жастары Ресей университеттерінде тегін білім ала алады