АҚШ-та қазақстандық балаларды зорлап келген ерлі-зайыпты ақыры айыпты деп танылды


50 жастағы Джозеф пен 49 жастағы Линда Мэйоттар осыдан 9 жыл бұрын Қазақ жерінен ағайынды бір ұл мен бір қызды асырап алған. Алайда ата-ана боп жарытпаған Америкалықтар екеуіне де зорлық көрсетіпті. Отағасы Джозеф өрімдей өгей қызының тәнін арамдаса, 49 жасар Линди жас ұлының қойнында болған. Тіптен одан бала да көтеріпті. Енді отағасы 22 тамызға бекітілген сот процесіне дейін қамауда болады. Ал тергеу кезінде өз-өзіне қол салмақ болған 49 жастағы Линда ауруханадан шыққан бетте қамауға алынады.