Сәуірде естігеннің есін алып, лаңкестік десе аттандап алғаш аттанатын АҚШ-тың Бостон қаласында ірі жарылыс болған-ды. 3 адам қаза тауып, 200-ден астамының тәніне тыртық түскен. Айыпты ағалы-інілі Царнаевтар екені басынан-ақ белгілі болған. Бірақ 19 жастағы қос қазақ Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжиқов лаңкестердің кішісіне, яки Джохар Царнаевқа айғақтарды жасыруға жәрдем жасады деп құрықталған. Содан бері қос қандасымыз Америка құқық қорғаушыларының қолында. Іс мадиықталды, енді Астана уақытымен түнгі 12-де алғашқы сот отырысы басталады.
Әңгіменің әлқиссасын айтсақ, жарылыстан соң қос Царнаевтың суреттері Американың БАҚ арқылы талмай көрсетілген. Жүзтаныс жолдастарына СМС хат жіберіп, артынан солардың бөлмесіндегі рюкзак пен ноутбукты алып кеткен. Сөмкедегі жарылғыш зат дайындауға қажетті шикізатты қоқысқа лақтырып тастапты. Бұл АҚШ тергеушілерінің болжамы. Ал құнды деректер бар ноутбукты тергеушілер қолына студенттердің өздері тапсырған. Соған қарамастан айғақсыз айып тағылып отыр дейді мұхиттың ар жағындағы Азаматтың әкесі.
Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:
- Азаматтың қандай қатысы бар ол тіптен сөмкеге жақындаған жоқ. Олар айтады: Азамат сөмкені лақтырып тастауға Диасқа рұқсатын берді дейді. Қандай түрде берді? Бұған 3 ай бойы прокуратура дұрыс жауап бере алмай отыр.
Сәуірден бері сөзбұйдаға салып келген АҚШ тергеушілері тек төрт тәулік бұрын ғана Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбаевқа ресми айып тақты. 2 бөлім бойынша, қорытып айтса әрқайсысына 25 жыл темір торға тоғытылу қаупі төніп тұр. Оның үстіне өтеуі тиіс 250 мың долларлық айыппұлы тағы бар. Тағы бәр жәйт, қос қандасымызға қатысты қылмыстық іс енді құпия істердің қатарына қосылған. Бірақ туыстары Азамат пен Диастың ақталатынына сенімді.
Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:
- Қазір мен бұл істің егдей-тегждейін түгел айта алмаймын. Өйткені олар істі құпия істер қатарына қосып қойды.Ертеңгі біздің бірінші талабымыз балалар айтқаннан кейін олардың айыптарын қабылдамайтынын айтқаннан кейін бұл істі рассекретить ету туралы талап береміз сотқа. Бұл ертеңгі ең бірінші жасайтын біздің ісіміз.
АҚШ уақытша абақтысында қамауда жатқан Диас пен Азамат отандастарының білдірген қолдауына алғыстарын жеткізді. Олар бұл ниеттерін ғаламтор бетіндегі парақшалары арқылы білдірген. Бірі 6-шы, екіншісі 11 тамызда кіріпті. Дегенмен қамаудағы қандастарымыздың қолы ғаламторға қалай жеткені беймәлім әлі.
Қос қандасымыз шамамен 3 жарым сағаттан соң АҚШ сотының алдына апарылады. Жазықсыз екендіктерін жеткізуге тырысады. Біз бұл процесті басынан-аяғына дейін назарымызда ұстайтын боламыз, сот отырысындағы толық ақпараттан жаңалықтардың алдағы шығарылымында құлағдар бола аласыздар.