АҚШ-та селфиге түскісі келген адамды пойыз қағып кетті


Округ полицейінің айтуынша, оқиға сенбі, 21 ақпан күні таңертең болған. Бірге суретке түскен бойжеткен зардап шеккен жоқ. Полиция қаза тапқан адамның есімін жария еткен жоқ.

Оқиғаның себебінен теміржол қозғалысы тоқтап, жеті пойыз уақытынан кешіктірілді.
Бұған дейін Үндістанда колледждің үш студенті келе жатқан пойыз алдында селфи жасамақ болып қаза тапқан болатын.