АҚШ-та су тасқынынан мыңдаған адам зардап шекті

екі адам ажал құшса, екі мыңдай тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды, деп хабарлады РИА «Новости».

Толассыз жауған жауын   екпінді су тасқыны мен торнадоның орын алуына әкеп соқты. Жергілікті өрт сөндіру қызметінің қызметкері Оклахом штатында он шақты адамды құтқару барысында қаза бапты. Тағы бір ер адам Техас штатындағы Бланко өзенінің маңындағы су басқан аймақтан табылды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Жергілікті билік коменданттық сағат енгізуге мәжбүр. Тұрғындар алдағы уақытта тағы да су тасқынына себеп болатын нөсер жауын жақындап қалғаны жайлы ескертілді. 


Көптеген ғимараттардың қирап жатқаны туралы хабарлануда, оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс жүргізуде.