АҚШ-та толғағы қысқан әйел ауруханадан бұрын сайлау учаскесіне барып, дауыс беруді қалаған


Мәселен, Иллинойс штатының тұрғыны Галисия Малоне сайлау учаскесінде босанудың аз-ақ алдында болған. Негізінен әйелдің толғағы дауыс беру басталмай тұрып келген. Бірақ ауруханаға барар жолда ол сайлау учаскесіне соға кетуді шешкен. «Мен бюллетеньді оқи отырып тыныс алуға, оқи отырып тыныс алуға тырыстым. Мен өз-өзіме «оқы әрі тыныс ал, оқы әрі тыныс ал» деумен болдым, - дейді Галисия Малоне.