Әйгілі Диснейлендтің жанында орналасқан қонақүйдегі апатты жағдай осыдан бірнеше күн бұрын белгілі болған. Бірақ ғимарат жер астына кіре бастаған сәтте ғана адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қонақүй тереңдігі төрт, ал диаметрі 15 метр болатын алып орға құлап кеткен. Айта кетерлігі, бұл Флорида штатында жерасты суларының жиналуынан ғимараттар жиі опырылып түсетін көрінеді.