Шамамен 18 мыңдай адам премьерді ыстық тілектер айтып, қызу қол шапалақтап қарсы алды. Көпшілігі кездесуге Америка мен Үндістанның жалауларын көтеріп, Модидің бейнесі салынған футболкалар киіп келді.
Модидің бұл сапары шыққан тегі үнділік амеркандықтарды ерекше қанаттандырды. Олар премьер Үндістанды АҚШ-қа әлемдік деңгейдегі жаңа қуатты держава ретінде көрсете алады деген пікірде.