АҚШ-та ұшақ көп пәтерлі үйге құлады

Оқиға сейсенбі, 10 қарашада Экрон қаласында орын алды. Бизнес-джет құлап бара жатып электр беру желісін үзіп өтіп, көп пәтерлі тұрғын үйдің үстіне құлады. Әуе кемесі бірден қызыл жалынға оралды, деп хабарлады Лента.ру.

Кірпіш ғимараттың ішінде ешкім болмаған. Алайда алдыңғы қабырға қирап, құрылыс отқа оранды.


Куәгерлердің айтуынша, апат болған кездегі жарылыс үні бірнеше кварталдарға жеткен.