АҚШ-та ұшақтың құлауынан аман қалған қыз табылды

16 жастағы Оутемн Витчті көлік жүргізушісі тауып, жақын арадағы сауда орталығына әкелген.  Жергілікті шерифтің айтуынша, жолды іздеген Оутемн бірнеше күн таулы жерде түнеген.

Қазір қыз ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақталды. Ұшақ бортында болған тағы екі адам  Витчтің атасы мен әжесі туралы ақпарат әлі жоқ.  

Жеңіл моторлы ұшақтың жоғалуы туралы сенбі күні мәлім болды. Ол Вашингтон штатындағы Линден қаласына келуі керек еді, алайда онымен байланыс үзілген.