АҚШ-та жер опырылып, үлкен шұңқыр пайда болды

Бұл туралы "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, жол 10 ақпан күні жердің астына опырылып түскен. 

"Алдымен кішкене шұңқыр пайда болыпты, кейін оның ұзындығы 30 метрге, ені 7,5 метрге дейін ұлғайған. Қазіргі таңда билік осы жағдайға қатысты жұмыс істеп жатыр", - делінген жарияланымда.

Twitter желісінде жарияланған видеодан жолдың қоршалып, трактордың жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.