АҚШ-та жеткіншек балалар ұшақты айдап әкетіп, апатқа ұшырады

Бортта болған барлық үш адам қаза болды. Билік органдары оқиғаның себептерін анықтаумен айналысуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесін «ұшып қайту» ниетімен үш жеткіншек айдап кеткен.

Төтенше жағдай Джаспен елді мекеніне жақын жердегі орман алқабында орын алды. Мерт болғандардың есімдері жарияланбай отыр. Түсіп жатқан мәліметтер бойынша, оқиғаның қайғылы аяқталуына қолайсыз ауа райы себеп болды. 1 қаңтар күні Алабама штатында күн бұлтты болды. Полициядан мәлім еткендей, пилоттардың бірінде моторлы ұшақты жүргізу тәжірибесі болған. Бұл жолы оның қолында екімоторлы ұшу аппараты болды.