АҚШ-тағы бастауыш мектепте атыс болып, адамдар қаза тапты

Полиция мәліметінше, ауруханада мектеп оқушысы - жараланған 8 жастағы оқушы көз жұмған. Тағы бір баланың жағдайы аса ауыр халде.  Осыған дейін, екі ересек адамның (мұғалім әйел және ер адам) қаза тапқаны туралы хабарланған.

Ер адам мұғалімнің бұрынғы күйеуі екені анықталған. Полицияның мәліметінше, қылмыскер сыныптың ішінде оқ ата бастағанда, балаларға оқ кездейсоқ тиген, Сан-Бернардино қаласында 2015 жылы желтоқсанда отбасылық жұп 14 адамды атып тастаған болатын. 

Еске салайық, жергілікті полиция басшысы Джарред Бергуанның айтуынша, атыс North Park мектебінде болған. Онда 5-12 жас аралығындағы балалар оқиды. Атыс салдарынан екі ересек адам қаза тапты. Екі оқушы ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы белгісіз. 

Бергуанидың ойынша, қылмыскер өзіне қол жұмсаған. "Қазіргі уақытта қауіп-қатер жоқ", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында. Полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, оқушылар эваккуацияланған.