АҚШ-тағы сайлауда республикашылар жеңіске жетті


сенаттың да республикашылдардың қолына өтуі мүмкін деуге мүмкіндік береді. Бұл туралы сәрсенбі күні Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.
Сенаттағы республикашылар жетекшісі Митч Макконнелл Кентукки штатындағы додада алда келеді.
Бастапқы нәтижелерге қарағанда, Солтүстік Каролина мен Батыс Вирджиния штаттарында да республикашылдар партиясы жеңіске жетуі тиіс.
CBS телеарнасының болжамына қарағанда, республикашылдар 435 мандаттың кем дегенде 226-сын иеленбек. Ал, NBC телеарнасы 242 орын осы партия өкілдеріне бұйырады деген болжам жасап отыр.
Сейсенбі күні АҚШ-та Өкілдер палатасының 435 депутаты мен 36 сенаторды сайлау өткен болатын.