ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың апта сайын өткізілетін қысқаша баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, "сапар барысында ҚР Қауіпсіздік кеңесінде, сыртқы істер министрлігі мен қорғаныс министрлігінде кездесулер өтіп, олардың барысында Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды".