АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы Қазақстанда отбасылық дәрігерлік амбулаториялар құруға арнап грант бөледі

Бұл құжат республика аймақтарында алғашқы медициналық жәрдем көрсету саласын дамытуға арналған. Меморандумға сәйкес, республиканың бірқатар қалаларында отбасылық дәрігерлік амбулаториялар құрылады. АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы бұл мақсатқа грант бөліп отыр. Алғашқы дәрігерлік амбулаториялар Семей мен Оралда ашылады. Соңынан осындай амбулаторияларды Көкшетау мен Оңтүстік Қазақстан облысында да ашу көзделіп отыр.