АҚШ-тың Киевтегі елшілігін қоршауға алғандар Американы кінәлауда

ТСН мәлімдегендей, бұл акцияны «Евромайданға» қарсы шыққан «Киевтіктер таза қаланы жақтайды» атты таяуда құрылған қозғалыс ұйымдастырған.

Қозғалыс лидері Иван Проценко АҚШ елшілігіне Украинаның ішкі ісіне араласпауды талап еткен мәлімдеме әкелген. Оның пікірінше, Украинада Американың өзі қаржыландырып отырған «барқыт төңкеріс» жобасы жүзеге асырылуда.

«Қазір ел астанасында болып жатқанны бәріне Америка кінәлі. Қаржыландыру солардан болуда. Мұны доғару керек деп бүкіл әлемге жар саламыз. «Америка, доғар, Украинада бейбітшілік орнауы тиіс», деп мәлімдеді И.Проценко.