О.Антоненконың айтуынша, Батыстың екі жетекші орталығының сыртқы саясатта ұстанған бағыт-бағдары екіге айырылды, қазір олар екі түрлі мақсатты көздейді.
"АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздігіне көбірек бас қатырса, Еуропа - тәуелсіздікті жаңадан алған мемлекеттерде демократиялық институттардың дамуы мен адам құқығының сақталуына көңіл бөліп отыр ",- деді О.Антоненко.
Сөйтіп, АҚШ үшін Орталық Азия - терроризмнің таралу ошағы болғандықтан Вашингтонның Өзбекстанда өз әскерін орналастыруы ұзақ мерзімді құбылыс деп санау керек. О.Антоненконың пікірінше, Еуропа үшін Орталық Азия- күннен-күнге ауқымы кеңейе түскен Еуропаның тұрақсыз қиыр шығысы , заңсыз көші-қон, есіірткі тасымалы, халықаралық қылмыс-қайшылық тәрізді қауіпсіздікке "аздап" қатер төндіретін жағдаяттар дәл осы бағыттан туындауы мүмкін деп санайды. Сол себепті Еуропалықтар үшін бұл аймақта әскер шоғырландыру - қандай да бір нақты тауқыметті шешуге арналған уақытша шара.
Соған қарамастан НАТО контингенті орналастырылғаннан кейін Ауғанстандағы ахуал үшін жауапкершілікті Еуропа елдері толығымен өз мойнына алуға әзірлік танытып отыр,- дейді О.Антоненко.