АҚШ-тың пайымдауынша, Қазақстан үшін қоғамды демократияландыру саласында реформалар жүргізу императив болып табылады - АҚШ конгрессінің мүшесі

"Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасының қызметіне сайлануы үшін біршама шаралар мен қадамдар жасалды, Қазақстанның кандидатурасын өз басым қолдағанымды және қолдайтындығымды айта кеткім келеді", - деді А. Хастингс.

"Алайда, біздің пайымдауымызша, халықаралық қоғамдастық пен Қазақстанның азаматтық қоғамына елдің ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауға дайын екенін көрсету үшін Қазақстанға адам құқықтары және қоғамды демократияландыру салаларында реформа жүргізу императив болып табылады", -деді ол.

"АҚШ Қазақстан ұйымға төраға болған уақытта Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын, бірақ, біз елді былтыр Мадридте министрлер деңгейінде өткен кездесуде берген уәделерін орындауға шақырамыз", -деді АҚШ конгрессінің мүшесі.