АҚШ-тың пайымдауынша, Қазақстан үшін қоғамды демократияландыру саласында реформалар жүргізу императив болып табылады - АҚШ конгрессінің мүшесі (толық нұсқасы)

"Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасының қызметіне сайлануы үшін біршама шаралар мен қадамдар жасалды, Қазақстанның кандидатурасын өз басым қолдағанымды және қолдайтындығымды айта кеткім келеді", - деді А. Хастингс.

"Алайда, біздің пайымдауымызша, халықаралық қоғамдастық пен Қазақстанның азаматтық қоғамына елдің ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауға дайын екенін көрсету үшін Қазақстанға адам құқықтары және қоғамды демократияландыру салаларында реформа жүргізу императив болып табылады", -деді ол.

"АҚШ Қазақстан ұйымға төраға болған уақытта Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын, бірақ, біз елді былтыр Мадридте министрлер деңгейінде өткен кездесуде берген уәделерін орындауға шақырамыз", -деді АҚШ конгрессінің мүшесі.

Өз кезегінде сенатор Бенджамин Кардиннің мәлімдеуінше, "Қазақстанның экономикалық ілгерілеушілігі тамсандырады және ел 2010 жылы ЕҚЫҰ-ында жетекші рольге ие болады". "Біз Қазақстан басшылығына осындай ілгері қадам жасағаны үшін алғыс айтамыз және сонымен бірге конгрессмен Хастингстің пікіріне қосылып, Қазақстанның былтыр Мадридте министрлер деңгейінде өткен кездесуде берген уәделерін атап өткім келеді", - деді ол.

Сенатордың айтуынша, бұл міндеттемелердің барлығы да "саяси партиялардың құқықтарына, сайлауға байланысты реформаларға, діни ұйымдардың құқықтарын қорғау мен БАҚ еркіндігіне байланысты".

"Осы мәселелер бойынша ел 2008 жылыбелгілі бір ілгерілеушілікке жетеді деп күтілген болатын, осы міндеттемелерді ағымдағы жылы орындау үшін айтарлықтай алға жылжи түсу керек", - деді Б. Кардин.