Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ауыр жағдайға байланысты 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қоғамдық ірі шараларды өткізуге тыйым салатынымызды растаймын. Мұндай шешім шығару оңай болмады. Алайда қала тұрғындарының, жұмысшылар мен туристердің денсаулығы және қауіпсіздігі біз үшін бірінші кезекте маңызды болуы тиіс", - деді мэр.
Джим Кенни 50-ден астам адам қатысатын шаралар, оның ішінде фестиваль, парад, концерт, карнавал, жәрмеңке және ескі заттарды сататын базарларға тыйым салынатынын атап өтті.
Бұл шара саяси шеру, таза ауада және жеке территорияда 25 адамға дейін спорт жаттығуын жасауға кедергі болмайды.
Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сүйенсек, АҚШ-та 3,4 миллион адам коронавирус жұқтырған. 136 мыңнан астам науқас қайтыс болған.