АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі паста күнін қазақша етпен атап өтпек

«17 қазан Америкада Паста күні деп аталады екен. Біз де АҚШ Бас қонсулдығының #beshintheusa науқанына қосылып, осы мейрамды қазақша ет пен бірге атап өтейік! Ал сіз суретте белгіленген қазақша ет құрамдарын білесіз бе?», - делінген елшіліктің Фэйсбуктегі ресми парақшасында (орфографиясы сақталған).

Еске сала кетейік, ҚР-дағы АҚШ Бас консулдығы АҚШ пен Қазақстан арасындағы достықтың 25 жылдығы құрметіне «Америкалыққа қазақша ет ұсын -#beshintheusa» шарасын ұйымдастырған. Оның талаптарына сәйкес оған қатысушылар ет асып, америкалықтар мен қазақстандықтардың бір дастарханда отырғанын фотоға түсіруі тиіс.

 

2016 жылдың 5 қыркүйегіне қарай шараға 29 штат қосылды.


Еске сала кетсек, 2015 жылы 6 шілдеде Астана күнінде  елорда аспаздары салмағы 700 келілік қазақша ет әзірледі. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.

АҚШ-қа пастаны елдің үшінші президенті Томас Джефферсон 1789 жылы жеткізген. Ол макарондарды ғана емес, сонымен қатар паста дайындауға арналған машина апарған. АҚШ-та макарон өнімдерін өндіретін алғашқы зауыт  1848 жылы ашылды. Оны нью-йорктік Бруклинде француз Антуан Зерег ашты.