АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ұлттық есірткіні бақылау зертханасына сұйықтық хроматографын сыйға тартты

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, сұйықтық хроматографы есірткімен халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі бағдарламаның аясында берілген. Ол бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы есірткі саудасымен күрес. Құралдың жалпы құны 98 мың АҚШ долларын құрайды.

"Сұйықтық хроматографы сарапшыларға материалдарға талдау жүргізе отырып, заңсыз заттардың өте аз бөлігін де анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құралды тапсыру есірткі саудасымен күрес ісінде Қазақстан мен Құрама Штаттардың ынтымақтастығының тағы бір мысалы болып табылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.