АҚШ-тың сауда өкілі Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшеліке өтуге бағытталған талпыныстарына жоғары баға берді

Министр келіссөздерді одан әрі жеделдетуге деген бекем ниетін паш етіп, Бүкіләлемдік сауда ұйымына тепе-тең әрі екі жаққа да бірдей тиімді шарттардың негізінде мүшелікке өтуді қолдайтынын жеткізді. Ол екі жақты келіссөздер барысында қазір туындап отырған кедергі-қиындықтардың конструктивті шешімін табатынына сенім білдірді.