"АҚШ үкіметі тарапынан қолдауға ие болған бірде-бір үкіметтік емес ұйым саяси партиялар немесе бейресми ұйымдардың ешқайсысын да қаржыландыруға қатыспайды деп үзілді-кесілді айта аламын",- деді ол журналистер сауалына берген жауабында.
Л.Кеннедидің айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары " түрлі оқыту және ақыл-кеңес беру сипатындағы іс-қызметпен шұғылданады", бұл шараларға саяси партиялар да қатысады. "Ұйымдардың барлығы да Қазақстан заңдарына бұлжытпай бағынады",- деп атап көрсетті ол.