Назарбаевтың сарайына бірінші рет келген елшілерге протокол ережесі жіті түсіндіріліп жатыр. Кімнің қайда тұратыны, кімнен кейін шығатынын пысықтап алуда. Тыңғылықты әзірліктен соң залға кірген Нұрсұлтан Назарбаев 5 мемлекетің атап айтқанда, АҚШ, Кувейт, Пәкістан, Болгария, Сауд Арабиясының жаңадан тағайындаған елшілерінен сенім грамотасын қабылдады. Ресми түрде қызметке кіріскенін білдіретін құжатты Назарбаевқа Америка елшісі қағазға қараса да қазақ тілінде оқып берді.
Джордж Крол, АҚШ елшісі:
-Сізге президент Обама мен Америка халқының сәлемін жолдаймын. Сізге сенім грамотасын тапсыру мен үшін зор мәртебе. Сіздің тамаша еліңізде еңбек етуге дайынмын.
Америка елшісіне ризашылығын білдіріп арқадан қаққан президент те өз баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасады. Мемлекет басшысы диломаттарға екі мемлекеттің арасындағы байланысты жандандыруға күш салуларын сұрады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Сіздердің жұмыстарыңыз әлемдегі күрделі кезеңге тап келді. Бұл біздің мемлекет үшін де, өз салмағын салып отырғаны белгілі. Жаңа сын-қатерлер жағдайларында Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекеттің дамуын одан ары жүргізу өте қажет болып отыр.
Loading...