АҚШ-тың жаңа президенті мен оның тобына ең бірінші ел экономикасын қалпына келтіру мақсатын шешуге тура келмек - Қазақстандағы АҚШ елшісі

"Бүгінгі таңда ел үшін ең басты проблема - экономика, АҚШ-тың жаңа президенті мен оның тобына ең бірінші елдегі экономикалық проблемаларды шешуге тура келмек ", -деді Р. Хоугланд.

"Сайлаушылар қазіргі президенттің экономикалық саясатына наразы болғандықтан, олар басқа партияның өкіліне дауыс берді", - деп түсініктеме берді елші Барак Обаманың жеңісі туралы алғашқы мәліметтерге.