Ақсу қаласына қарсты Үштерек ауылдық аймағында аязда үсіп қалған ер адам табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Гаухар Сыздықова айтты.
- 1-қаңтар күні 52 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ол ауылдан екі шақырым қашықтықта жоғалып кеткен. Іздестіру шаралары сағат 17.41-де басталып, сағат 18.20-да аяқталды. Нәтижесінде ауыл тұрғыны Ақсу қалалық ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілді, - деді Гаухар Сыздықова.
Аязда қалып қойған ер адамға «екі табанының үсуі» диагнозы қойылған. Іздестіру шараларына Ақсу қаласы № 11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан үш адам және бір техника жұмылдырылды.