Ақсу ферроқорытпа зауыты газ-мазут қазандығын жаңғырту жұмыстарын аяқтады

«Бұрын зауыт қазандығы көмір мен мазут жағатын. Қуаттылығы артық бу қазандықтарын заманауи агрегаттарға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Жаңа қондырғының басты ерекшелігі – отынның ерекше түрі – ферроқорытпа газдарын пайдаланатындығында. Бұл өндірістен шығатын қосалқы өнім», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде жыл сайын 490 тонна мазут пен 22,2 тонна көмір үнемделмек. Оның орнына 51 мың текше метрден астам ферроқорытпа газы пайдаланылады.


Ақсу ферроқорытпа зауытының өнімдерін ТМД мемлекеттері мен алыс шетелдер пайдаланады.