Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметі бойынша қайғылы оқиға 8-қарашада зауытың №6 цехында болған. Дайын өнім қоймасының үстінде орналасқан №62 пештің газды құрғақ тазартуға арналған диаметрі 3 м, ұзындығы 37 метрлік аспирациялық құбырдың бір бөлігі құлап кетті. Соның салдарынан жарақат алған 42 жастағы жұмысшы оқиға орнында мерт болды.
Апат себептерін анықтау үшін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық мекемесінің жетекшілік етуімен комиссия құрылды.