Ақсуда мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"12 маусым күні сағат 02.15-те Ақсу қаласында патрульдік полиция взводының инспекторлары көшеде келе жатқан күдікті ер адамды байқаған. Оның кім екенін тексеру кезінде ер адам Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмысты, яғни ұрлық жасағаны үшін осы жылдың 25 сәуірінен бастап мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды", - дейді полицейлер.

Бұл факті туралы іздеу жариялаған Алматы облысы Әуезов полиция басқармасына хабарланды.


Күдікті Ақсудың уақытша ұстау абақтысына қамалды, кейін ол Алматы қаласына ауыстырылады.