Ақсуда тепловозбен соқтығысқан автобус жүргізушісі қамауға алынды


Микроавтобус тізгінінде мына азамат отырған. Жеңіл жарақат алған Иосиф Гусев кейін ауруханадан іле-шала изоляторға жеткізілді. Жалпы көлік ішінде ферроқорытпа зауытынан өндірістік тәжірибеден өтуге келген 7 студент пен сол кәсіпорынның жұмысшысы болған. Жергілікті колледж шәкірттерінің төртеуі сол апатта көз жұмса, қалған төртеуі қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Бірнеше шаңырақтың шырқын бұзған автобус жүргізушісі енді абақтыда сот үкімін күтеді. 7 жылға дейін бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.