Ақсудың «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ-ның ЖЭС-ында жылу беру маусымына дайындық кесте бойынша жүргізілуде


«Ертең энергетика мамандары № 5 қуат блогын күрделі жөндеуден өткізуге кіріседі, - деп атап айтты «ЕЭК» АҚ жөндеу жөніндегі бас инженердің орынбасары Андрей Сорокин.

Бүгіндері «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ станцияны қысқа дайындауда. Жабдықтар жөндеуден өткізілуде, электр сүзгілері орнатылуда, қуат блоктары қайта құралуда.