Ақсукент елді-мекенінде ірі сауда орталығы өртке оранды


Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрапты. Қызыл жалынның өтінде қалған 6 киім-кешек сататын бөлім мен ет сататын 4 қатар түгел жанып кетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 жуық адаммен 13 техника жұмылдырылған. Оттың шығу себебі мен келген шығын көлемі әзірге белгісіз. Айта кетсек, бұл соңғы уақытта Ақсукентте болған екінші апатты оқиға. Қыркүйек айында 3 қабатты сауда орталығы түгелдей отқа оранып, жергілікті арна тұтас жанып кеткен болатын.