Ақсулық спортшы "Қажымұқанның тасын" көтерді

Ересек азаматтар бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Мен бұл тасты көтеретініме толық сенімді болдым. Бастысы, тасты дұрыс ұстап, техниканы дұрыс жасау, - деді жеңімпаз.

Айта кетейік, салмағы 300 келідей болатын тасты Астанаға Баянауыл даласынан алып келген. Дәл осы жерде атақты балуан Қажымұқан тасты қолында ұстап, қара күш иесі екендігін дәлелдеген.

- Біз мұндай жарыстарды қазақ елін әлемге танытқан рухты батырларымызыға құрмет көрсету мақсатында өткіземіз. Осындай жарыс үшінші рет өткізіліп отыр, алайда тасты жерден көтере алған адам биыл ғана анықталды, - дейді Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев.


Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жеңімпазды құттықтап, Әміре Бағұстарға жаңа теледидарды сыйға тартты.