Ақтау әкімінің қатысуымен балабақша ашылды

«Ақтау қаласы бойынша 60-қа жуық мектепке дейінгі мекеме бар. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім берумен 100 пайызға қамтамасыз ету үшін «Балапан» бағдарламасы үнемі жіті қадағаланады», - деді Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин балабақшаны ашу салтанатында.

Ол сондай-ақ ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсанда осы шағынауданда тағы да бір балабақша ашылатынын хабарлады.