Ақтау әскери соты оқ-дәрі ұрлағаны үшін 5 әскери қызметкерге үкім шығарды

Қылмыс кезінде күзетте болған екі әскери қызметкер қару-жарақтарды ұрлап сақтағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар жазаны жалпы тәртіпті абақтыда өтейді.

Ал қалған үш әскери қызметкерді сот қысқа мерзімге шартты жазаға кесті.
Әскери судья Нұржан Аазаматовтың айтуынша, аса ауыр қылмыстар түріне жататын мұндай қылмыс Маңғыстау облысы аумағында алғаш рет тіркеліп отыр.