Ақтау - Астана бағытындағы ұшақ бортынан жарылғыш зат табылған жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 қыркүйек күні 17.03 Ақтау - Атырау - Астана бағытында ұшатын А-320 ұшағының бортында орнатылған жарылғыш зат туралы хабар осы ұшақтың жолаушысынан келіп түскен.

"Әуежайға келіп қонғаннан кейінгі жүргізілген арнайы шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ", - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 20.00-де ұшақ өз бағыты бойынша ұшуға жіберілген. Төтенше жағдай салдарын жоюға 6 адам мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "ЗРАОСО" мемлекеттік мекемесінің 1 техникасы жұмылдырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті